КУРС ИЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН
Курсыңызға платформа керек, бірақ ай сайын ақша төлегіңіз келмей ме?
Курсыңызға арналған жеке платформа — өз логотипіңізбен, жеке дизайнмен. Айлық және жылдық арендасыз.
Платформаның басты беті
немесе ноутбуктағы мокап
Ай сайынғы арендасыз
«Курсым шағын. Маған платформа керек пе?»
Бір курсыңыз бар. Оған тәжірибеңізді, түсіндіру жолыңызды, дайындаған үлгілеріңізді қостыңыз. Енді соны өз атауыңызбен ұсынғыңыз келеді.
Ол үшін алдымен үлкен мектеп ашып, ондаған курс жинаудың қажеті жоқ. Бір курстан бастайсыз: сабақтар, құжаттар мен тапсырмалар оқушының жеке кабинетінде тұрады.
Курстың ішінде не болатынын көруАлдымен үлкен мектеп ашу міндетті емес.
Өз курсыңыздан бастауға болады.
«Алғаннан кейін өзім жүргізе аламын ба?»
Платформаны қалай қолдану керегін видеоинструкциядан көресіз. Сабақ қосу, файл жүктеу, оқушыға курсты ашу — қажет әрекетті қарап, қайталайсыз. Сұрақ туындаса, WhatsApp арқылы тегін техникалық қолдауға жазасыз.
Құжат пен үлгіні қайда жүктейсіз?
Оқушыға курсты қалай ашасыз?
Ақпарат өзгерсе, қалай жаңартасыз?
Видеоинструкция қолыңызда болады
Қолдану жолын видеодан көресіз. Қажетті қадамды ұмытып қалсаңыз, қайта ашып қарайсыз.
WhatsApp-та тегін техникалық қолдау
Түсініксіз жері болса, жаза аласыз. Платформаны қолдануға қатысты сұрағыңызға жауап береміз.
«Менің курсым платформада қалай тұрады?»
Мысалы, декреттік төлемдер туралы курсыңызды алайық. Видеосабақтар, құжаттар мен тапсырмаларды бір бағдарламаға жинайсыз.
Сабақтың ішкі беті
Видео, құжаттар және сабақтар тізіміҰсынылатын өлшем: 1200 1000
КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Неден бастау керек?
Алдымен түсіндірме видеоңызды көреді.
Қандай құжаттар қажет?
Сабақтың жанынан құжаттар тізімі мен үлгілерін табады.
Есептеп көрейік
Өз мысалымен тапсырма орындайды.
Не түсіндім?
Тест арқылы білімін тексереді.
Бұл — орналастыру үлгісі. Бағдарлама мен материалдар өз курсыңызға сай болады.
ТЕЛЕФОННАН КІРУ ЫҢҒАЙЛЫ
«Оқушыларым кіре алмай қалмай ма?»
Оқушыңыз да көбіне телефоннан кіреді. Оған курсты бастау үшін артық әуре керек емес.
Телефон нөмірімен кіреді
Email енгізу міндетті емес.
Өзіне ашылған курсты табады
Бағдарламаны ашып, сабаққа өтеді.
Телефоннан оқиды
Сайт телефон экранына бейімделген. Бөлек қосымша орнатудың қажеті жоқ.
Сайттың телефондағы
көрінісі
ТЕЛЕФОНҒА БЕЙІМДЕЛГЕН САЙТ.
«Бір адам сатып алып, екеуі кіріп жүрмей ме?»
Бір аккаунтпен екі адам
қатар кіре алмайды.
Бір логинді бірнеше адамға таратып, бір уақытта бірге оқуына шектеу қойылған.
Оқушы туралы толық ақпарат — админкада.
Оқушының мәліметтерін, оған қай курс ашылғанын және оқу барысын басқару бөлімінен көресіз. Қолжетімділігін де сол жерден басқарасыз.
- Оқушының жеке мәліметтері
- Оған ашылған курстар
- Оқу барысы
- Қолжетімділікті басқару
Оқушы карточкасы: мәліметтері, курстары және оқу барысы
Ұсынылатын өлшем: 1440 700ӨЗ АТАУЫҢЫЗБЕН
«Өзім қалаған дизайнда бола ма?»
Иә. Оқушы курсыңызға кіргенде, сіздің атауыңызды және логотипіңізді көреді.
Түстері мен дизайны курсыңызға сай жасалады. Сізден сабақ сатып алған адам сіздің оқу ортаңызға кіреді.
Логотип, түстер және сайттың көрінісі
«Оқушы аз жиналған айда да төлеймін бе?»
РЕТ САТЫП АЛАСЫЗ.
Айлық және жылдық
арендасыз.
Курсқа қабылдауды уақытша тоқтатсаңыз да, платформаның арендасы үшін кезекті төлемді ойламайсыз.
Сатып алу бағасына не кіретінін жұмыс басталғанға дейін келісеміз: жеке дизайн, баптау, іске қосу және қажет мүмкіндіктер.
Домен, сервер және видео сақтау сияқты қызметтерге бөлек шығын болуы мүмкін. Қайсысы қажет екенін және қалай төленетінін алдын ала түсіндіреміз.
Алдымен көріп шығыңыз.
Сосын шешім қабылдаңыз.
Курсыңыз туралы айтасыз
Не үйретесіз, сабақтарыңыз қандай форматта, оқушылар қазір қалай оқиды?
Платформаны көресіз
Оқушының кабинетін және басқару бөлімін көрсетеміз. Қолдану жөніндегі видеоинструкция беріледі, WhatsApp-та тегін техникалық қолдау болады.
Қажетін келісеміз
Дизайнды, бағаны, мерзімді және материалдарды орналастыру тәртібін нақтылаймыз.
АШЫҚ СҰРАЙ БЕРІҢІЗ
Тағы не білгіңіз келеді?
Платформаны қолдануды үйретесіздер ме?
Иә. Қолдану жөніндегі видеоинструкция беріледі. Қажетті әрекетті видеодан қарап, қайталай аласыз. Қосымша сұрақ туындаса, WhatsApp арқылы тегін техникалық қолдау көрсетеміз.
Бір ғана курсым бар. Бастауға бола ма?
Иә. Алғашқы курсыңызды орналастырып, кейін жаңа бағдарламалар қоса аласыз.
Сабақтарым Telegram-да. Қайта түсіруім керек пе?
Қайта түсіру міндетті емес. Дайын видео, аудио және құжаттарыңызды қарап, платформаға орналастыру жолын келісеміз.
Курстағы ақпарат өзгерсе ше?
Тиісті сабақты немесе файлды жаңартасыз. Курсты басынан қайта құрудың қажеті жоқ.
Оқушыға қосымша орнату керек пе?
Жоқ. Бұл — веб-сайт. Оқушы телефондағы немесе компьютердегі браузерден кіреді.
Бір логинмен екі адам кіре ала ма?
Бір аккаунтпен екі адам қатар кіре алмайды. Оқушының мәліметтері мен оған ашылған курстарды админкадан көріп, қолжетімділігін басқарасыз.
Бағасы қанша?
Сізге қандай нұсқа қажет екенін нақтылағаннан кейін баға мен оған кіретін жұмыстарды айтамыз. Қосымша шығындар болса, оларды да алдын ала білесіз.
Демоны көрсем, сатып алуым міндетті ме?
Жоқ. Өзіңізге ыңғайлы ма, курсыңызға керек пе — көріп барып шешесіз.
СІЗДІҢ КУРСЫҢЫЗ. СІЗДІҢ ПЛАТФОРМАҢЫЗ.
«Менің курсыма
қалай келеді?»
Көріп шығайық.
Қандай курс өткізетініңізді жазыңыз. Оқушыңыздың қалай кіріп, қалай оқитынын және өзіңіз платформаны қалай басқаратыныңызды көрсетеміз.
Бір курстан бастауға болады.







